Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

жол апаты
Фото: Жетісу облысы ПД

Жаркент маңында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде, олар жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жетісу облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Lexus 470 көлігінің қатысуымен 20 қыркүйек күні таңертең "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 273-шақырымында болған. Жол талғамайтын көлік жолдан 50-60 метрге ұшып кеткен.

жол апаты
Фото: Жетісу облысы ПД

Жетісу облысының полиция департаменті көлікте екі ер адам мен бір әйел болғанын хабарлады. Олардың барлығы оқиға орнында көз жұмған.

"Қаза болғандардың екеуі 1983 және 1985 жылы туған ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Үшіншісінің жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысты жалғастыруда, олар барлық мән-жайды анықтап жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1988684-zetisu-oblysynda-zol-talgamaityn-kolik-audarylyp-us-adam-qaza-tapty-foto/

pixel