Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жүк көлігі мектеп аялдамасында үш баланы қағып кетті

Опубликовано:

балаларды қағып кеткен жүк көлігі
БҚО-да балаларды қағып кеткен жүк көлігі. Оқиға орнынан фото: polisia.kz

БҚО-да есірткіге мас күйде болған жүк көлігінің жүргізушісі үш баланы қағып кетті. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 19 қыркүйек күні түскі сағат 14:10 уақыт шамасында болған.

ГАЗ-53 автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші № 30 мектепке қарама-қарсы аялдамада үш жасөспірімді қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 2009, 2010, 2011 жылғы балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

"Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші есірткіге мас күйде болған. Бұл каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудан туындаған", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Алматы облысында Toyota Camry жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 10 жастағы баланы қағып кеткенін хабарлаған едік.

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1988710-bqo-da-zuk-koligi-mektep-ayaldamasynda-us-balany-qagyp-ketti/

pixel