Шымкенттегі колледж жатақханасында студент көз жұмды

Опубликовано:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттегі колледжердің бірінің жатақханасында бірінші курс студенті көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан хабарлама келіп түскен.

Хабарламада колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің денесі табылғаны айтылған.

"Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан кенеттен ол өзін нашар сезінген.

Студенттер жедел жәрдем шақырғанымен, медицина қызметкерлері келгенше, жас жігіт қайтыс болған", - деп жазады медиа портал.

Басылым қазіргі таңда әл-Фараби АПБ қызметкерлері аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатқанын, іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп қосты ведомстволық сайт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989177-symkenttegi-zataqxanada-student-koz-zumdy/