Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам мерт болды

Опубликовано:

Жүк көлігімен соқтығысқан автомобиль
Жол апатынан зақымданған автомобиль. Фото: T.me/dpkost

Қостанай облысындағы "Алматы – Екатеринбург" тас жолының учаскесінде екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті өзінің ресми Telegram-арнасында.

Жол апаты түскі сағат 15:00 шамасында "Алматы – Екатеринбург" тас жолының 400-ші шақырымында болған.

Полицияның мәліметінше, 57 жастағы Ford жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, оның көлігі 30 жастағы жүргізуші басқарған ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Жүк көлігінде болған адамдардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

"Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы – "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп хабарлады Қостанай облысының Полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989199-qostanai-oblysynda-zenil-kolik-pen-zuk-koligi-soqtygysyp-eki-adam-mert-boldy/

pixel