Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар мектебінде 15 оқушы бұрышты баллоннан уланып ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар мектебінде бұрышты баллоннан уланған 15 бала ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Тілекжан Ғалямов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тиісті ақпарат Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"23 қыркүйек күні сағат 11.00 шамасында Ленин ауылы Макаренко көшесі 14 мекенжайындағы № 33 орта мектепте белгісіз біреу екінші қабаттың дәлізіне бұрышты баллон шашып, мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деді Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Тілекжан Ғалямов.

Ол оқиға орнында жедел жәрдем, полиция және құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін жасөспірімдер Нұр-Сұлтандағы мектепке бұрышты баллон шашқан болатын. Олардың анасына айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989348-pavlodar-mektebinde-15-oqusy-burysty-ballonnan-ulanyp-auruxanaga-tusti/

pixel