Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда көлік тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

полиция
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

18 қыркүйекке қараған түні Орал қаласындағы Момышұлы көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан жаяу жүргінші қаза тауып, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Көлікті полиция қызметкері жүргізіп отырған болып шықты. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте мәлім болды.

"Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ оны біз анықтап, ұстадық. Ол ішкі істер органдарының қызметкері. Қазір бұл іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Осы сәтті пайдалана отырып, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деп атап өтті БҚО ПД өкілдері.

Анықтау басқармасының бастығы Ерлан Жақсыбаевтың айтуынша, аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) және 347-бабы (ЖКО болған жерден кетіп қалу) бойынша тергеу басталған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Оның полиция қызметкері екеніне қарамастан, біз барынша қатаң шаралар қолдандық. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ерлан Жақсыбаев.

Бұл факті бойынша қызметтік тергеу де басталды. Полиция қызметкер мен оның басшыларына барынша қатаң шара қолдануға уәде берді. Сонымен қатар, олар көлікті полиция капитаны шеніндегі учаскелік инспекторы тізгіндегенін нақтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989381-oralda-kolik-tizgindegen-policiya-qyzmetkeri-zayau-zurginsini-qagyp-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel