Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үшінші қабаттан құлап кеткен үш жасар бүлдіршін аман қалды

Опубликовано:

Терезе
Терезе. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте бес қабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен үш жасар қыз бала аман қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД-ның мәліметінше, оқыс жағдай 23 қыркүйек күні болған.

Сол күні сағат кешкі 21.30 шамасында Шымкент қалалық ТЖД кезекші-диспечтерлік қызметіне жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түскен.

Хабарламада әл-Фараби ауданы Әлімқұлов көшесіндегі бес қабатты үйдің үшінші қабатынан 3 жасар қыз баланың абайсызда құлап кеткені айтылған.

Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен бүлдіршінді қалалық балалар ауруханасына жеткізген. Медицина қызметкерлері қыз балаға "сол қол сүйегінің сынуы" диагнозын қойған.

Жан-жақты тексеруден кейін ол амбулаториялық ем алуға сол күні үйіне жіберілген.

"Алдын ала мәліметтер бойынша 2019 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, үшінші қабаттан құлап кеткен. Оқыс оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы полиция департаменті анықтайтын болады. Жыл басынан бері бұл жетінші оқиға, барлық жағдайда балалар жарақат алды. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді", - дейді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989448-symkentte-usinsi-qabattan-qulagan-us-zasar-qyz-bala-aman-qaldy/

pixel