Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау тауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды (видео)

Опубликовано:

Көкшетау тауындағы өрт
Көкшетау тауындағы өрт. Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті

Бурабай аумағындағы "Көкшетау" тауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таудағы орман өртін сөндірудің бірқатар қиындықтары бар екенін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, Қазавиақұтқару тікұшағы да өртті сөндіруге кірісті.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің 158 қызметкері және Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 70 қызметкері өрт сөндіруге тартылған.

"Таулардағы орман өртін сөндірудің маңызды ерекшеліктері мен бірқатар қиындықтары бар екенін атап өткен жөн. Таулардағы орман өрттерімен күресу үшін жер қазу және топырақ өңдеу техникасын қолдану шектелген, ал тасты топырақтарда оған мүлдем жол берілмейді.

Мұнда автоцистерналар мен өрт сөндіру мотопомпаларын пайдалану да мүмкін емес.

Сондықтан қазіргі уақытта жеке құрам өртті сөндіру үшін аспалы бүріккіштерді, сондай - ақ қол құралдарын - күректер, кетпендер және тырмаларды қолданады. Тұтанудың көлденең беткейден тік беткейге ауысуы кезінде жану жылдамдығы да артуы мүмкін, бұл өртті сөндірушілер үшін қауіпті", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрілігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989476-koksetau-tauyndagy-ortti-sondiruge-tikusaq-zumyldyryldy-video/

pixel