Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында атыстан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алған, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram парақшасы.

Полицияның хабарлауынша, Шу аудандық полиция бөліміне 25 қыркүйек сағат 00.18-де ауруханадан хабар түскен. Дәрігерлер 23, 25 және 26 жастағы оқ жарақатын алған (екеу) төрт азаматтың Шу аудандық ауруханасына жатқызылғанын жеткізген. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қылмыс жасағаны үшін Төле би ауылының 22 жастағы тұрғынын анықталды, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989522-zambyl-oblysynda-atystan-bir-adam-qaza-tauyp-us-adam-zaraqat-aldy/

pixel