Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы атыс: Күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Шуда полицейлер адам өліміне себеп болған атыс бойынша күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram парақшасы.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа қатысқандардың барлығы анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ. Сондай-ақ тағы бір күдіктіге қылмыстық қудалау органдары халықаралық іздеу салды", - дейді Жамбыл облысы ПД бастығынын орынбасары Алмас Саламатов.

Еске сала кетейік, аталған жайт 25 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданында болған. Жарақат алған төрт адам аудандық ауруханаға түскен. Кейінірек бір адам жансақтау бөлімінде алған жарақатынан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989524-zambyl-oblysyndagy-atys-kudiktiler-ustaldy/

pixel