Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында екі ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ер адамның жұдырығы
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісу облысында соққыдан көз жұмған екі әйелдің өлімі тіркелді. Екі істе де күдікті ретінде олардың жұбайлары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, қайғылы оқиғаның бірі Қаратал ауданы Жанаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтардың бірінде тіркелген.

26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылған. Марқұм 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің малын баққан.

"Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, салдарынан әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмған. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамауға алды", - деп жазады медиа басылым.

Қазір аталмыш дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде. 

Ведомстволық сайттың хабарлауынша, осыған ұқсас дерек 25 қыркүйекте көршілес Ескелді ауданында болған.

Онда Қарабұлақ ауылындағы жеке үйлердің бірінен 34 жастағы әйелдің денесі табылған. Марқұмның 45 жастағы жұбайының соққысынан қайтыс болғаны анықталған.

Өз айғақтарында ер адам әйелінің ішімдік іше бастағанын және үйге қарауды қойғанын айтқан. Кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, соңы әйелдің өлімімен аяқталған.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, бұл іске қатысты тергеу де Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989713-zetisu-oblysynda-eki-er-adam-aielderin-uryp-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel