Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда көлік қаққан екі жасар бала мерт болды

Опубликовано:

Далада ойнап отырған бала
Далада ойнап отырған бала. Көрнекі фото: Pexels.com

Талдықорғанда көлік қаққан екі жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында.

Оқиға 28 қыркүйекте күндіз болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін үйінің жанындағы жол бойында ойнап жүрген. Бір кезде оны Toyota Cresta көлігі қағып кеткен. Көлікті 38 жастағы ер адам басқарған.

Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмаған. Ол оқиға орнында көз жұмған.

Қазір адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңырда бір жарым жасар сәби көпқабатты үйдің кіреберісіндегі баспалдақтан құлап жарақат алғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990177-taldyqorganda-kolik-qaqqan-eki-zasar-bala-mert-boldy/

pixel