Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы фабрикада төтенше жағдай: үш адам зардап шегіп, тағы бірі қайтыс болды

Опубликовано:

жұмысшы темір кесуде
Жұмысшы темір кесуде. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында "Қазфосфат" өндіріс орнына тиесілі фабрика шатырының тақтайшасы құлап, салдарынан үш адам зардап шегіп, тағы бірі адам қайтыс болды, деп хабарлайды polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, 13 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан хабарлама келіп түскен.

Хабарламада "Қазфосфат" өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасындағы ғимарат шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ кәсіпорынның 58 жастағы тағы бір жұмысшысы оқиға орнында көз жұмған.

Ведомстволық сайттың жазуынша, қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен қатар еңбек инспекциясы арнайы тексеріс жүргізуде. Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990235-zambyl-oblysynda-fabrikada-totense-zagdai-us-adam-zardap-segip-tagy-biri-qaitys-boldy/

pixel