Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам көз жұмып, 14 жолаушы жапа шекті

Опубликовано:

БҚО-дағы жол апаты
БҚО-дағы жол апаты: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жол апатынан 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, жол апаты кеше кешкісін орын алған. Ақсай қаласында жолаушылар таситын №3 "ГАЗель" мен жеңіл көлік соқтығысқан.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жолаушылардың біреуі яғни 72 жастағы әйел жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған.

"Жедел жәрдем сағат 18:21-де шақырылды. Жол апаты салдарынан барлығы 14 адам жарақат алды. Соның ішінде 72 жастағы әйел жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды. 64 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр, ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Қалған 12-сі амбулаториялық ем алуға жіберілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990257-batys-qazaqstanda-zol-apatynan-bir-adam-koz-zumyp-14-zolausy-zapa-sekti/