Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда базардан өрт шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Өрт сөндіру қызметкерлері. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 30 қыркүйек таңертең Тараз қаласындағы "Береке" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД Instagram парақшасында.

Тараздағы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан "Береке" базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама құтқару қызметіне 30 қыркүйек таңғы сағат 07.52-де келіп түскен.

Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 56 қызметкер және 13 техника жұмылдырылған.

"Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт таңғы сағат 8:30-да оқшауланды, өртті жою жұмыстары жалғасуда", - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Облыстық ТЖД өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін мәлім етті. Өрттің себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990368-tarazda-bazardan-ort-syqty/

pixel