Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көлік жүргізушісі екі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Опубликовано:

Автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Pexels.com

Ақтөбеде көлік жүргізушісі кешкі мезгілде екі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, оқиға бейсенбі, 29 қыркүйек күні шамамен сағат 21:40-та болған.

Белгісіз жүргізуші Тәуелсіздік даңғылымен жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 8 және 9 жастағы жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан оқушылар Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған.

"Аталған фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша (Жол ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде", - деп жазады медиа басылым.

Сондай-ақ ведомстволық сайт бұл оқиғаға қатысты қандай бір ақпараттан хабардар адамдар болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды, құпиялылыққа кепілдік берілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990516-aqtobede-zurgizusi-eki-oqusyny-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketken/

pixel