Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында бірден үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ІІМ өзінің ресми Telegram-арнасында.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында болған.

Анықталғандай Ford Transit көлігінің 66 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағыттағы "Урал" және "Лада" көліктерімен соқтығысқан.

Салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Тағы бес адам әр түрлі дене жарақтымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Қаіргі таңда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990537-atyrau-oblysynda-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tauyp-tagy-5-adam-auruxanaga-tusti/

pixel