Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып 5 адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған автобус
Жол апатына ұшыраған автобус. Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, жол апаты 3 қазан күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болған.

Анықталғандай Шымкент – Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.

Салдарынан 5 адам көз жұмып, 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

"Жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде". Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп жазады медиа басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990757-qyzylorda-oblysynda-zenil-kolik-pen-avtobus-soqtygysyp-bes-adam-qaza-tapty/

pixel