Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлік жуу орталығында ер адамды тоқ соғып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте салынып жатқан көлік жуу орталығының ғимаратында ер адамды электр тоғы соққан. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Отырар арнасы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 1 қазанда Абай ауданы Ынтымақ ауданында болған. Көлік жуу орталығында құрылыс жұмыстары кезінде ер адамды электр тоғы соққан.

"Айдос" ЖК аумағында салынып жатқан көлік жуу орталығында құрылыс жұмыстары кезінде 1975 жылы туған жалдамалы жұмысшыны электр тоғы соқты. Зардап шегуші "Электр жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Денесінің 30-35 пайызын ІІ-ІІІ дәрежелі күйік шалған, жағдайы орташа", - деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990857-symkentte-kolik-zuu-ortalygynda-er-adamdy-toq-sogyp-auruxanaga-tusti/

pixel