Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөлімінде": Полиция 35 жастағы әйелді ұрып-cоғу туралы ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Полиция Қаскелең қаласында тұратын 35 жастағы әйелді ұрып-cоғу туралы желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram арнасы.

Полиция мәліметінше, 27 қыркүйекте Қарасай ауданы полиция басқармасы кезекші бөліміне Қарасай ауданы Қаскелең қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне 35 жастағы азаматшаның түскені туралы ақпарат келіп түскен.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданы полиция басқармасында тіркелді", - делінген хабарламада.

Telegram арнаның мәліметінше, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп сендірді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990905-zansaqtau-boliminde-35-zastagy-aieldi-uryp-cogu-turaly-zelidegi-aqparatqa-policiya-pikir-bildirdi/

pixel