Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес күн бойы орманда жатқан": Қарағандыда жеті жасар қыз бен анасының мәйіті табылды

Опубликовано:

Орман
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды қаласының маңындағы орман ішінен жеті жасар қыз бала мен оның анасының мәйіті табылды. Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Анасы мен қызы осыдан екі аптадай бұрын кенеттен жоғалып кеткен. Олардың денесін кездейсоқ адамдар тауып алып, полицияға хабарлапты.

Марқұмдардың кісі қолынан жапа шеккені анықталды. Алайда қандықол қылмыскердің кім екені белгісіз. Мәйіттер 5 күн бойы орманда жатқан.

Марқұм әйелдің ата-анасы жоқ. 84 жастағы көзі көрмейтін зағип әжесі ғана бар көрінеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталған.

А. Қуаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991280-bes-kun-boiy-ormanda-zatqan-qaragandyda-zeti-zasar-qyz-ben-anasynyn-maiiti-tabyldy/

pixel