Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық тұрғын тал түсте таныс әйелді атып кетті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

қару
Қару. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында танысын атып, жарақаттады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға қаланың сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің алдында түс кезінде болған.

56 жастағы азамат атыс қаруымен 43 жастағы әйелді жарақаттап, қашып кеткен. Бірақ жедел іздестіру барысында көп ұзамай қолға түскен. Одан айғақ заттар тәркіленген.

Қызылорда қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұтанқұловтың айтуынша, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 14-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Телеарнаның дерегінше, оқ жәбірленушінің сол жақ жамбасына тиген. Салдарынан оның ішкі мүшелері зақымданған. Қазір әйел қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Материал авторы: М. Тоқтасынқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991546-qyzylordalyq-turgyn-tal-tuste-tanys-aieldi-atyp-ketti-degen-kudikke-ilindi/

pixel