Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам үш баласымен бірге өз үйінен өлі күйінде табылды

Жарияланған күні:

үй
Үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Іле ауданы Жомарт саяжайында орналасқан үйлердің бірінен ер адам үш баласымен бірге өлі күйінде табылды. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазан күні сағат 17:50-де кезекші бөлім пультіне Іле ауданы, Жомарт саяжайында 4 адамның табиғи газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел топ, өрт-сынама зертханасы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы мен жедел жәрдем жіберілген.

ТЖД дерегінше, алдын ала болжам бойынша 1970 жылы туған ер адам мен оның үш ұлы (біреуі 2009 жылы, екеуі 2014 жылы туған) газдан уланған. Анықталғандай, марқұм ер адам 25 литрлік газ баллонын қолдан жасалған жылыту пешіне қосып қойған.

"Отбасы Тараздан екі ай бұрын көшіп келген. Ерлі-зайыпты - сол үйдің иелері. Марқұмның әйелі, көз жұмған балалардың анасы Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді", - дейді ТЖД өкілдері.

Белгілі болғандай, 6 қазан күні таңғы сағат 5-те ер адам әйелін жұмысқа апарып тастап, үйіне қайтып келген. Түстен кейін сағат 16.00 шамасында үйіне оралған әйел ұлдары мен күйеуін өлі күйінде тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991598-almaty-oblysynda-er-adam-us-ulymen-birge-oz-uiinde-oli-kuiinde-tabyldy/