Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тепкілеп, үстіне секірген": Ақтауда жерде жатқан жігітті аяусыз соққыға жыққан сәт видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Жерде жатқан жігітті соққыға жығуда
Оқиға орны. Видеодан кадр. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Ақтауда жерде жатқан жігітті басқа жігіттердің тепкілеп, үстіне секірген сәті видеоға түсіп қалды. Бұл жайтқа қатысты Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша СДТБТ-де тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушыларды ұстаған.

"Анықталғандай, жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", – дейді ведомство өкілдері.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар! Жүйке жүйесі әлсіз, жүкті және 18 жасқа толмаған адамдарға қарау ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991600-tepkilep-ustine-sekirgen-aqtauda-zerde-zatqan-zigitti-ayausyz-soqqyga-zyqqan-sat-videoga-tusip-qaldy/