Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында көлік жүргізушісі жолға шығып кеткен есекпен соқтығысып, бір адам қаза болды

Опубликовано:

Жетісу облысындағы жол апаты
Оқиға орны. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында есек жолға шығып кетіп, адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні кешке болған. "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" тас жолының 275-ші шақырымында жолға шығып кеткен есек Audi A-4 көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді", – дейді ведомство өкілдері.

Тергеу Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991623-zetisu-oblysynda-kolik-zurgizusisi-zolga-sygyp-ketkpen-esekpen-soqtygysyp-bir-adam-qaza-boldy/

pixel