Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кафеге келген ер адам оқ жарақатын алып, жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте кафеге келген ер адам оқ жарақатын алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, 7 қазан күні сағат 04:30 шамасында әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша СДТТБТ-да тіркелген.

Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталған.

Тәркіленген қару
Тәркіленген қару. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер ВАЗ-21014 автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапқан.

Көлік салонынан табылған қару
Көлік салонынан табылған қару. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

"Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды", - дейді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ведомство жарақат алған ер адамның жансақтау бөлімінде екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991709-symkentte-kafege-kelgen-er-adam-oq-zaraqatyn-alyp-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel