Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ерекше жол-көлік оқиғасы болды

Опубликовано:

Жеңіл автокөліктің үстіне кроссовер шығып кетті
Жол-көлік оқиғасынан кейінгі көліктер. Фото: куәгер/lada.kz

7 қазан күні таңертең Ақтау қаласының 13 шағын ауданындағы 24 үйдің жанында ерекше жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөліктің үстіне кроссовер шығып кетті. Оқиғаға Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 7 қазан күні сағат 08.20 шамасында "102" кезекші бөліміне 13 шағын аудандағы жолда жол-көлік оқиғасы болғаны жайлы қоңырау келіп түскен.

"Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі кедергі туындаған кезде шара қолданбай, жолында тұрған Chevrolet Nexia көлігіне соқтығысып, оның үстіне шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ", – деп атап өтті Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұнда кроссовер жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалғанын (Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы) қосты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991730-aqtauda-erekse-zol-kolik-oqigasy-boldy/

pixel