Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полиция подполковнигін ұрып-соқты деген күдікпен бес адам ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп
Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

Алматы полиция департаменті тәртіп сақшысының соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растады. Ведомство пікірі Polisia.kz басылымының ресми Telegram арнасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полиция подполковнигінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат бастапқыда журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында пайда болды.

Оның айтуынша, Қауіпсіздік қызметі басқармасының аға анықтаушысын соққыға жыққан. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы және бірнеше жерінен дене жарақатын алғаны жөнінде диагноз қойылған.

Полицейлер ұрып-соғу фактісін растады. Тәртіп сақшылары бұған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен бес ер адам ұсталды. Олар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991851-almatyda-policiya-podpolkovnigin-uryp-soqty-degen-kudikpen-bes-adam-ustaldy/

pixel