Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе – Астрахань" тас жолындағы жол апатынан екі адам қаза тапты

Опубликовано:

жол апаты
Жол апаты. Фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Кеше, 9 қазанда Ақтөбе облысында екі адамның өмірін қиған жол апаты болды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасы хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 9 қазан күні сағат 10.00 шамасында Алға ауданы Тамды ауылының маңындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында болған.

Ведомство мәліметінше, 61 жастағы УАЗ Патриот автокөлігінің жүргізушісі көліктерді басып озар кезде, қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмесіне көз жеткізбестен, Lada Largus көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Полиция жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және арнайы белгілер мен қоршаулар орнатылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің қаза тапқаны жайлы хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991861-aqtobe-astraxan-tas-zolyndagy-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty/

pixel