Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жуынатын бөлмеден 11 жастағы баланың денесі табылды

Опубликовано:

жуынатын бөлме
Жуынатын бөлме. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жеке тұрғын үйдің жуынатын бөлмесінен 11 жастағы баланың денесі табылды. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 10 қазан күні сағат таңғы 06.30-да Жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қалалық ТЖД-ның кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада алдын ала мәліметтер бойынша жуынатын бөлмеден туыстары 2011 жылы туған жасөспірімнің денесін тауып алғаны айтылған.

Бұл жайт Еңбекші ауданының Маятас елдімекеніндегі жеке тұрғын үйде болған.

"Қазір баланың өлімне не себеп болғаны анықталып жатыр. Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалған", – дейді Шымкент қалалық ТЖД-ның қоғаммен байланыс жөніндегі тобының өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991991-symkentte-zuynatyn-bolmeden-11-zastagy-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel