Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысты: бір адам ажал құшты

Опубликовано:

Түркістан облысындағы жол-көлік оқиғасынан кейінгі көлік
Жол-көлік оқиғасынан кейінгі көлік. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысында автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан бір адам ажал құшты. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 13 қазан күні Түркістан ПБ-ның кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлер оқиға орнына бірден шықты. Анықталғандай, таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолында ГАЗель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус жолаушыларының бірі, Түркістан қаласының тұрғыны алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. 5 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта бұл жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тіркелді.

"Сараптамалар тағайындалды. Қарсы бағытқа шығып кеткен ГАЗель көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", – дейді құқық қорғаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1992569-turkistan-oblysynda-avtobus-pen-gazel-koligi-soqtygysty-bir-adam-azal-qusty/

pixel