Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Маңғыстаудағы көліктің жарылған сәті
Көліктің жарылған сәті. Видеодан кадр. Фото: Instagram.com/beyneutoday

Маңғыстау облысында көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желіде таралуда. Оқиғаның мән-жайын облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, оқиға Бейнеу ауылындағы жолда болған. Көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалған.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне "Ауди" көлігінің өртенгені туралы хабарлама 13 қазан күні сағат 14.38-де келіп түскен.

"Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 14.58-де сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен алты адам жұмылдырылды", – дейді ведомстводағылар.

Еске салайық, биыл тамыз айында Теміртауда бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бірнеше пәтер қираған еді.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1992762-mangystauda-koliktin-zarylgan-sati-videoga-tusip-qaldy/

pixel