Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасөспірім БҚО-да оқ жарақатын алды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Қолына мылтық ұстаған жасөспірім
Мылтық ұстаған жасөспірім. Көрнекі фото: Pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында 4 қазан күні кәмелетке толмаған бала құрдасына абайсызда мылтықтан оқ атып жіберген. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 4 қазан күні сағат 21.00-де Хан Ордасы ауылында 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған бала үйдің ауласындағы гаражда абайсызда 12 калибрлі ATA ARMS маркалы мылтықтан құрдасына оқ атып жіберген. Мылтық баланың 28 жастағы ағасына тиесілі болған.

Ішінен оқ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

"Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал атыс қаруының иесіне қатысты ӘҚБтК 484-бабы 1-бөлігі (Азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелерін бұзу) бойынша хаттама жасалды", деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімді іштің алдыңғы қабырғасынан оқ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993054-zasospirim-bqo-da-oq-zaraqatyn-aldy-oqiganyn-man-zaiy-belgili-boldy/

pixel