Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңындағы тас жолда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Екі өрт сөндіруші өртенген автобустың ішінде
Маңғыстау облысында өртенген автобус. Фото: lada.kz

Кеше түнде Маңғыстау облысындағы "Ақтау – Жетібай" тас жолында төтенше жағдай орын алып, жолаушылар автобусы дәл жол бойында өртеніп кетті. Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Lada.kz.

Тас жолдағы оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жарияланған видеолардан жол жиегінде тұрған автобустың өртеніп кеткен қаңқасын көруге болады.

Сонымен қатар, жазбалардың бірінде автобустың өртенген сәті де түсірілген. Яғни алыстан көліктің жол шетінде ашық жалынмен жанып жатқанын байқауға болады.

Басылымға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 19:49-да "Ақтау – Жетібай" тас жолында Setra маркалы жолаушылар автобусы өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға Ақтау қаласынан 30 шақырым жерде болған.

Алайда құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер келген уақытта кабинада жолаушылар болмағаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993162-aqtau-manyndagy-tas-zolda-zolausylar-avtobusy-ortenip-ketti-video/

pixel