Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды

Опубликовано:

Түркістан облысында жол апатына ұшыраған көлік
Оқиға орны. Фото: Polisia.kz

Түркістан облысындағы ШымкентСамара тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көліктердің бірі өртеніп кетті, деп хабарлайды ІІМ медиа-порталы Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Ордабасы аудандық полиция бөліміне 20 қазан күні сағат 10:51 шамасында Шымкент – Самара тас жолында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Анықталғандай, Nissan Elgrand автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай бағытта келе жатып, өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан Merсedes Bens жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысқан. Көлік сол жерде өртенген.

"Салдарынан Nissan Caravan Elgrand көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді.

Полицияның хабарлауынша, сараптамалар тағайындалды. Екі автокөлік айыптұраққа қойылған. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993666-turkistan-oblysynda-zol-apatyna-usyragan-kolik-ortenip-zurgizusi-koz-zumdy/

pixel