Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жасөспірім көмірқышқыл газынан уланып қалды

Опубликовано:

ТЖД маманы пәтердің есігін ашуда
ТЖД маманы есікті ашуда. Фото: Facebook.com/shymkentqalasynyn.tjd

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмірқышқыл газына уланған 16 жастағы қызды құтқарды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі өз Facebook парақшасында.

"Оқиға 20 қазан күні түнде Еңбекші ауданы Төле би көшесінің бойында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің "112" құтқару қызметіне 2006 жылы туған қыздың пәтер есігін ашпағаны туралы хабарлама түсті", – дейді ведомство.

Абырой болғанда, құтқарушылар сантехникалық құралдардың көмегімен есікті ашып үлгерген. Мамандардың айтуынша, пәтердің ішін көгілдір отынның иісі алып кеткен. Құтқарушылар газдың исінен әлсіреген қызды таза ауаға сүйреп шығарып, газды өшіріп, пәтердің терезелерін ашты. Ары қарай жасөспірім оқиға орнына жеткен дәрігерлерге тапсырылды.

Еске салайық, Атырауда бір отбасының алты адамы газдан уланып, біреуі көз жұмған болатын. Оқыс оқиғаға газ қазандығы құбырының бітеліп қалуы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993841-symkentte-zasospirim-komirqysqyl-gazynan-ulanyp-qaldy/

pixel