Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында автотасымалдаушы көлік аударылып қалды (видео)

Опубликовано:

Қостанай облысында жол апаты
Қостанай облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: Қостанай облысы ПД

Бүгін Қостанай-Қарабұтақ тас жолында жаңа көліктері бар автотасымалдаушы шұңқырға құлап, аударылып қалды. Оқиғаның мән-жайын Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 26 қазан күні сағат 11.06-да Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 127-ші шақырымында 40 жастағы көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың шетіндегі жыраға түсіп кеткен.

Облыстық полиция департаменті оның 6 жаңа және екі ескі көлікті тасымалдап бара жатқанын атап өтті. Абырой болғанда жол апатынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазір көлік құралдарын эвакуациялауға көмек көрсетілуде.

Қостанай облысында жол апаты
Қостанай облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: Қостанай облысы ПД

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді ауа райының құбылмалы жағдайында жол ережесін сақтауға шақырды.

"Сақ болыңыз! Жылдамдық режимін сақтаңыз! Көлікті қысқы кезеңге дайындаңыз", – деді Денисов полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Александр Коник.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1994434-qostanai-oblysynda-avtotasymaldausy-kolik-audarylyp-qaldy-video/

pixel