Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Опубликовано:

теміржол
Теміржол. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі ресми Telegram-арнасында.

Ведомстоның мәліметінше, 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы айтылған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан 6 адам қаза тапқан.

"Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеуде", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995185-zambyl-oblysynda-avtokolik-pen-poiyz-soqtygysty-6-adam-qaza-tapty/

pixel