Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО тұрғыны сексеннен асқан анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Опубликовано:

Пышақ
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтады деген күдікке ілінді. Қанды оқиға Қызылжар ауданының Архангелское ауылында болған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, 56 жастағы азамат сексеннен асқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Артынша өз-өзіне қол салмақшы болыпты. Екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Ауыр жарақат салдарынан кейуана көз жұмды. Ал баласы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның ұлы болып келетін Қызылжар ауданының 1966 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды", - дейді СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторв Нұрбек Баекин.

А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995313-sqo-turgyny-seksennen-asqan-anasyn-oltirdi-degen-kudikpen-qamauga-alyndy/

pixel