Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 21 жастағы жұмысшы ЖЭО-да алған жарақатынан көз жұмды

Опубликовано:

Петропавл
ЖЭО. Фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Петропавлда ЖЭО-2-де алған жарақатынан жұмысшы қаза болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл ЖЭО-2 аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталған.

Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған. Алайда ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Сол күні бұған дейін Петропавл полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің өндірісінде болған қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген) Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша қайта сараланған.

Ведомство қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996321-petropavlda-21-zastagy-zumyssy-zeo-da-algan-zaraqatynan-koz-zumdy/

pixel