Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жасөспірімдер мінген көлік аударылып,14 жастағы жүргізуші көз жұмды

Опубликовано:

Атырау облысында жол апатына түскен көлік
Жол апаты. Оқиға орнынан фото: Атырау облысының ПД

Еліміздегі тас жолдардың бірінде жасөспірімдердің қатысуымен тағы бір адам өліміне әкелген жол апаты болды. Бұл жолы көлік Атырау облысында аударылған. Рөлде14 жастағы жасөспірім болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 9 қараша күні сағат 16.30-да Құрманғазы ауданы Жасталап ауылының маңында Toyota Corolla көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Оның 14 жастағы жасөспірім екені белгілі болды.

Жасөспірімнің көлікті ата-анасының рұқсатынсыз басқарғаны да белгілі болды. Сонымен қатар, төрт жолаушы зардап шекті, олардың барлығы 15 жаста. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде", - деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996539-atyrau-oblysynda-zasospirimder-mingen-kolik-audarylyp-qaldy-14-zastagy-zurgizusi-koz-zumdy/

pixel