Алматы орталығында құбыр жарылды (фото, видео)
Опубликовано:

Алматыда Гоголь мен Шәріпов көшелерінің қиылысында құбыр жарылды. Куәгерлер көшенің дәл ортасында судың атқылап жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.
Видеоны Instagram-дағы kris.p.original парақшасы жариялады. Кадр сыртындағы адам бұл жайт Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болғанын айтады.

Видео авторының сөзінше, құбырдан жоғары қарай атқылаған су 5-6 метрге дейін көтерілген. Атқылаған судан жерде шалшық пайда болған.

Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты NUR.KZ тілшісіне кейінірек пікір білдіруге уәде берді.
Айта кетейік, 2GIS қолданбасындағы мәліметке сүйенсек, қазір қалада 8 баллдық көлік кептелісі байқалуда. Картадан сондай-ақ оқиға аймағындағы жолдарда көлік нөпірі көбейгенін аңғаруға болады.
Гоголь мен Шәріпов қиылысында бірнеше мектеп, Алматы экономикалық колледжі, сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимараттары орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996632-almaty-ortalygynda-qubyr-zaryldy-video/