Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "барахолкадан" өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

өрт ошағы
Өрт ошағынан фото: Алматы қалалық ТЖД

Жұма, 11 қараша күні Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты. Базар аумағынан қою түтін байқалуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жоғарғы шақырту бойынша сағат 10:56-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы өрт ошағына жіберілген.

өрт ошағы
Өрт ошағынан фото: Алматы қалалық ТЖД

Қаланың бұл бөлігіндегі кептелістерге қарамастан, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері төтенше жағдай орнына 8 минутта жеткен.

"Контейнердің өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді", - делінген ведомство хабарламасында.

өрт ошғаы
Өрт ошағы фото: Алматы қалалық ТЖД

ТЖД жағдай бақылауда екенін атап өтті. Қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған.

Сондай-ақ ТЖД өртенген контейнер емес, қойма екенін мәлім етті. Оқиға орнына өрт сөндіру автопойызы жөнелтілген.

ТЖД өрт сағат 12:13-те оқшауланғанын хабарлады, ал 12:43-те оны толық ауыздықтау мүмкін болды. Құтқару қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге 25 бірлік техника мен 86 адам жұмылдырылған. Өрт аумағы 1,5 мың шаршы метрді құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996727-almatyda-baraxolkadan-ort-syqty-video/

pixel