Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында шөпке бара жатқан трактор суға түсіп кетті (фото, видео)

Опубликовано:

трактор
Суға түсіп кеткен трактор. Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облысы Май ауданында шөпке бара жатқан трактор суға түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметінше, 8  қараша күні шамамен сағат 13-00-де Баскөл ауылындағы шаруа қожалығының механизаторы қар аралас жаңбырға қарамастан, трактормен тоғайға шөпке шыққан. 

Бұл үшін ол паромды пайдаланған.

"Алайда трактор ауа райының қолайсыздығынан паромнан сырғанап түсіп кеткен. Жүргізушінің өзі паромның үстінде қалған", - дейді ТЖД өкілдері.

Басылымға белгілі болғандай, ауыл азаматтары шамамен екі сағаттан соң басқа трактормен тросс арқылы тракторды судан шығарып алған. Паром жұмысын тоқтатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996732-pavlodar-oblysynda-sopke-bara-zatqan-traktor-suga-tusip-ketti-foto-video/

pixel