Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында 20 адам мінген шағын автобус аударылып, бір әйел көз жұмды

Опубликовано:

Ұлытауда жол апатына ұшыраған автобус
Ұлытауда жол апатына ұшыраған автобус. Оқиға орны. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Ұлытау облысында салонында 20 жолаушы болған шағын автобус жол апатына ұшырап, 35 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 16 қарашада таңғы сағат 06.40 шамасында Павлодар – Қызылорда тас жолында Ақтүбек ауылының маңында болған.

Құзырлы органның дерегінше, Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 53 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен.

Шағын автобус салонында 20 жолаушы болған. Жолаушылардың арасындағы 35 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

"Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды", – дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997485-ulytau-oblysynda-20-adam-mingen-sagyn-avtobus-audarylyp-bir-aiel-koz-zumdy/

pixel