Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Опубликовано:

Автөкөлік айнасы
Автөкөлік айнасы. Көрнекі фото: Рexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға 16 қараша күні, таңғы сағат 06:00 шамасында "Астана – Петропавл" тас жолының 384 шақырымында болған.

Анықталғандай, Көкшетау қаласы жағынан келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен Петропавлдан келе жатқан тіркемесі бар Audi 100 көлігі соқтығысқан. Көліктерді 51 жастағы Петропавл тұрғындары басқарған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен Audi 100 көлігінің екі жолаушысы қаза тапқан.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады", – дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997487-sqo-da-eki-kolik-soqtygysyp-4-adam-qaza-tapty/

pixel