Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жасөспірім көлік астында қалды: оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді

Опубликовано:

12 жасар баланы көлік қағып кеткен сәт
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Екі күн бұрын Алматы облысының Шелек ауылында қайғылы оқиға болды: 12 жасар бала жаяу жүргіншілер өткелінде көлік дөңгелегінің астында көз жұмды. Оқиға куәгерлері болған жайттың жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Astana арнасына сілтеме жасап.

Телеарна хабарлауынша, сол оқыс оқиға болатын күні 12 жасар Елмұрат мектептен шығып, үйіне кеткен. Жаңбырдан кейін су болған жаяу жүргіншілер өткелінде оның аяғы тайып, құлап түседі. Осы кезде оны көлік қағып кеткен.

"Сол кезде мен көшеге шыққанмын, соққының дыбысын естідім және біреудің құлап жатқанын көрдім, содан кейін "Тезірек жедел жәрдем шақырыңыз!" деген айғайлар естілді. Мен мектепке қарай жүгіріп, жедел жәрдем шақырдым", — деп есіне алды ауыл тұрғыны Гүлмира Нұрғожаева.

Қайғылы оқиғаның тағы бір куәгері, музыка мектебінің қызметкері Ләззат Жамалшиева жасөспірімді көлік қаққаннан кейін біраз уақыт тірі болғанын айтты. Ол зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ дәрігерлер жетіп үлгермепті.

"Алғашқы ой баланы көтеріп, жолдан алып кету болды. Өйткені, ол қатты екпінмен құлады. Бірақ мен қанды көргенде оған тиіспейін деп шештім, кенет жағдайын нашарлатып аламын ба деп қорықтым. Біраздан кейін аузынан қан ағып, қалтырай бастады да, жүріп кетті. Дәрігерлер келгенде баланың көз жұмғанын айтты, — деді Ләззат Жамалшиева.

Көлікті 34 жастағы әйел басқарған. Ол бірден қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

"Аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ ТҚКБ-не тіркелді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", — деп түсіндірді облыс полицейлері.

Өлімге әкелген жол оқиғасы үшін әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бала соңғы жылы жергілікті мектепте оқыған. Марқұмның ұстаздары мен достары болған оқиғадан есін жия алмай жүр. Сыныптастары ойыншықтар мен тәттілерді есте сақтау бұрышына апаруда. Елмұрат сыныптың ең белсендісі болды деп еске алады мұғалімдер.

"Біз оны екінші жыл ғана білеміз, бірақ осы уақыт ішінде ол өзін мейірімді, жанашыр, жақсы оқушы ретінде көрсетті. Оның достары көп болатын. Қазақ тілі мен тарих сабақтарын өте жақсы көретін", — дейді мектеп директорының орынбасары Айгүл Бекова.

Ауыл тұрғындары адам өліміне әкелген жол оқиғасы соңғысы болмауы мүмкін деп қауіптенеді. Жолдағы жүргізушілер жылдамдықты сақтамайды дейді тұрғындар.

"Олар естерінен адасқандай жылдам жүреді. Кішкентай болсын, үлкен болсын балалар көп жүреді. Машиналар тіпті жылдамдығын төмендетпейді. Біз балалар үшін ғана емес, өзіміз үшін де қорқамыз. Бала сүрініп, құлап қалды. Неге жүргізуші тоқтамады, үстінен басып өтіп кетті ғой", — деп ашуланды ауыл тұрғыны Галина Мукоид.

Кеше 12 жасар Елмұратты жер қойнына тапсырды. Мұғалімдерінің айтуынша, ол тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997724-almaty-oblysynda-zasospirim-koliktin-astynda-qaldy-oqiganyn-man-zaiyn-kuagerler-aityp-berdi/

pixel