Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде автобус отқа оранды (видео)

Опубликовано:

Өртенген автобус
Өртенген автобус. Видеодан кадр: Telegram/polisia.kz

Семейде автобус өртенді. Салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ жаңалықтар арнасы.

Құзырлы органның дерегінше, 18 қараша күні сағат 14.40-та куәгерлер Абай облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Семей қаласы Әуезов даңғылында автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлаған.

Кейінірек әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар пайда болған.

Жергілікті полиция мән-жайды анықтау барысында аталған автобустың қаладағы бір ұйымға бекітілгенін және қоғамдық тасымалдауға ешқандай қатысы жоқ екенін анықтаған.

Ведомство мәліметінше, қозғалыс кезінде жүргізуші мен жолаушылар қозғалтқыш бөлігінен түтін шыққанын көрген. Жүргізуші көп ойланбай нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, үш жолаушыны қауіпсіз жерге шығарған. Содан кейін өрт сөндірушілер бригадасын шақырған. Олар келгенге дейін жүргізуші өртті өздігімен сөндіруге тырысқан.

Сондай-ақ полицейлер өрт сөндірушілер келгенге дейін оқиға орнын қоршауға алған. Полиция тілсіз жаудың шығу себебі сараптамадан кейін белгілі болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997878-semeide-avtobus-otqa-orandy-video/

pixel