Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апатынан үш адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға түсті

Опубликовано:

жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: Telegram/polisia.kz

Алматы облысында "Алматы-Кеген-ТЮП" автожолының екінші шақырымында жол апаты болып, үш адам қайтыс болды. Сондай-ақ төрт жолаушы түрлі жарақаттармен Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz Telegram-арнасы хабарлады.

Ведомство дерегінше, 23 қарашада сағат 15:00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі “Алматы-Кеген-ТЮП” автожолының екінші шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қайтыс болған. Сонымен қатар, Mitsubishi автокөлігінен түрлі жарақаттармен төрт азамат Есік қаласында орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

Полиция барлық қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998704-almaty-oblysynda-zol-apatynan-us-adam-koz-zumyp-torteui-auruxanaga-tusti/

pixel