Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, жүргізушілердің бірі жан тапсырды

Опубликовано:

Екі автобус соқтығысқан көпір
Апат орны. Видеодан кадр: Хабар 24

Қарағанды қаласына кіреберістегі көпір үстінде екі автобус соқтығысып, жүргізушінің бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның хабарлауынша, қайғылы жағдай салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде екінші автобустың жүргізушісі де бар.

Белгілі болғандай, автобустың бірінде жолаушы болмаған. Құтқарушылар мерт болған жүргізушінің денесі мен тағы 8 адамды шығарып алған. Істің мән-жайын полиция анықтауға кірісіп кетті.

"Қазіргі таңда тергеу тобы және ТЖ мамандары жұмыс істеуде. Аталған факті полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Облыстық полиция департаменті жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрайды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998918-qaragandyda-eki-avtobus-soqtygysyp-zurgizusilerdin-biri-zan-tapsyrdy/

pixel